Құпиялылық шолуы

Құпиялылық профилін толықтай басқара аласыз

Getcontact Құпиялықты басқару орталығы профиліңіздің ақпараты қалай көрсетілетінін және қауымдастықтағы басқаларға қандай ақпарат көрінетінін толық бақылауды қамтамасыз етеді. Профиліңізді кез келген уақытта қосымшада өңдей аласыз немесе профиліңізді осында өшіре аласыз. Құпиялылықты басқару орталығы, жазылмағандарды да қоса алғанда, барлығына қолжетімді.

Біз жеке деректерді сатпаймыз

Жеке деректеріңіз бізде қауіпсіз және берік екеніне сенімді болғаныңызды қалаймыз. Қандай да жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға сатпаймыз. Қызметтерімізді кез-келген адам пайдалана алуы үшін біз оларды тегін түрде ұсынамыз және Google және Facebook сияқты жарнамалық серіктестермен жұмыс жасаймыз. Жарнамасыз және кейбір кеңейтілген мүмкіндіктермен бірге қолданғысы келетін пайдаланушылар біздің Premium пакеттеріне жазыла алады.

Біз әрқашан рұқсаттар алу үшін келісіміңізді сұрайтын боламыз

Getcontact қызметтерінің жұмыс істеуі үшін сізге қандай рұқсаттар қажет екенін түсіну және сіз ең жақсы тәжірибеден ләззат алуыңыз үшін біз әрқашан бар күшімізді саламыз. Қандай мүмкіндіктерді пайдаланатындығыңызға байланысты бізге қосымша рұқсаттар қажет болады. Бірақ бұл рұқсаттар, бұрын сізге түсіндірілген мақсатпен шектеледі және кез келген келісім берілмес бұрын қатаң тыйым салынады. Қосымша ақпарат алу үшін біздің Құпиялылық саясаты оқыңыз.

24/7 режимінде қолдау көрсетеміз

Арнайы қолдау тобымыз сізге техникалық қолдау немесе ақпарат ұсыну үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді. Сұрақтарыңыз болса немесе Getcontact туралы көбірек білгіңіз келсе, біздің қолдау тобымен кез-келген уақытта байланыса аласыз.

Жеке деректеріңіз веб-сайттағы cookie файлдары арқылы өңделеді. Қажетті cookie файлдары сайттың функционалдығы мен қауіпсіздігі үшін пайдаланылса, басқа cookie файлдары жекелендіру және талдау мақсаттары үшін пайдаланылады. Сookie файлдарының параметрлерін басқаруға болады және қосымша ақпаратты біздің cookie бөлімінен таба аласыз.