Қолдану шарттары

Қызмет көрсету шарттары

Бұл Қызмет көрсету шарттары 14 шілде  2021 жылы күшіне енді.

Getverify LDA («Getcontact», «Getcontact ЖШС», «біздің», «біз» немесе «бізге») мобильді сәйкестендіру және растау қызметтерінің күшімен басқарылатын байланыс арнасын қамтамасыз етуге бағытталған. Мәтіндік хабарламалар мен медиа жіберуге арналған нақты уақыттағы чат, VoIP қоңырау шалу, қауымдастық форумдары және әлеуметтік медиа профиліңізді бірлестіру және біздің каталог ішінде контактілерді іздеу мүмкіндігі бар, спам және қалаусыз қоңырауларды белсенді бұғаттауға арналған бірлестірілген қоңырау шалушыны анықтау қызметі.

Біздің қалай жұмыс атқаратынымыз және қызметімізді пайдалану кезінде сізден қандай мінез-құлық күтетінімізді анық түсіну үшін Қызмет көрсету шарттарымызды оқып шығыңыз. Getcontact мобильді қосымшасы, мүмкіндіктері, бағдарламалық жасақтамасы немесе веб-сайтын (бірге «Қызметтер») орнату, оған кіру немесе пайдалану арқылы, Қызмет көрсету шарттарымызбен («Шарттар») келісесіз. Егер осы Шарттардың қолданылуын қаламасаңыз, Қызметтерден бас тартуыңызға болады.

ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚОЛЖЕТІМСІЗ: Қызметтеріміз жедел қызмет көрсету жеткізушілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпейді. Жедел қызмет көрсету жеткізушілеріне мобильді, тұрақты телефон немесе басқа қызмет арқылы хабарласуға болатындығына көз жеткізіңіз.

Қызметтеріміздің кейбір мүмкіндіктері қосымша шарттар және ережелермен реттелуі мүмкін, осы мүмкіндіктерді қолданар алдында, олармен танысып, келісім беруіңіз қажет. Қызметтеріміз сізге үішінші тарап веб-сайттар, қосымшалар, мазмұн және басқа өнімдер мен қызметтерге қол жеткізуге, пайдалануға немесе олармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік бере алады. Сіз үшінші тарап қызметтерін пайдаланған кезде, осы қызметтердің пайдалануын олардың шарттары мен құпиялылық саясаты реттейтін болады.

Осы Шарттар бойынша барлық міндеттемелеріңізді, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, төменде берілген Пайдаланушының жүріс-тұрыс кодексін сақтаған жағдайда, мобильді құрылғы немесе қосымша арқылы, шектеулі, қайтарып алуға болатын, арнайы емес, кеңшілік жасалмайтын, сублицензияланбайтын лицензия және Getcontact Қызметтерін пайдалану құқығын береміз.

Біздің мақсатымызға қайшы келетін кез-келген басқа қолданысқа қатаң тыйым салынады және Шарттарды бұзушылық деп танылады. Шарттарда тікелей берілмеген барлық құқықтарды, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, атау құқығы, меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, сондай-ақ Қызметтерімізге қатысты барлық басқа құқықтар мен мүдделерімізді және барлық байланысты заттарға құқығымызды сақтаймыз.

1. Тоқтату

Осында аталған Қызметтерді пайдалануға арналған лицензия тоқтатылғанға дейін қолданылады. Getcontact мобильді қосымшасын құрылғыларыңыздан жою арқылы, кез келген уақытта лицензияңызды тоқтата аласыз. Бұл лицензия Шарттардың басқа бөлімдерінде көрсетілген шарттар негізінде немесе Шарттардың кез келгенін орындамасаңыз тоқтатылады. Мұндай жағдайда, Getcontact мұндай тоқтату туралы хабарлауды талап етпейді.

2. Премиум қызметтер

Getcontact мобильді қосымшамыз сізге тегін ұсынылады. Алайда, болашақта тегін есептік жазба арқылы қолжетімді мүмкіндіктер мен функцияларға қосымша, әр түрлі мүмкіндіктер, функциялар және қызметтерге қолжетімділікті ұсынуымыз мүмкін. Getcontact осындай қолжетімділік («Премиум қызметтер») үшін төлемдерді, Apple App Store немесе Google App дүкені сияқты, бірақ онымен шектелмей, үшінші тарап төлем провайдерлері немесе Қосымшалар дүкені арқылы алуы мүмкін. Премиум қызметтерімізге қатысты қосымша ақпаратты біздің Сатып алу саясаты және Құпиялылық туралы мәлімдемеден таба аласыз.

Премиум қызметтерін таңдау арқылы, тиісті комиссияларды (басқалармен бірге соның ішінде, Премиум қызметтері үшін кезеңдік төлемдер) тиесілі түрде, барлық салықтармен бірге төлеуге келісесіз. Премиум қызметтер есептік жазбаңыздан, жаңарту күніне дейін қызметке жазылуды тоқтату арқылы бас тарта аласыз. Бас тарту есепшот ұсынуды тоқтатады және ағымдағы есепшот мерзімі аяқталғаннан кейін Премиум қызметтерге қолжетімділікті жояды. Барлық төлемдер мен комиссиялар қайтарылмайды және ішінара пайдаланылған кезеңдер үшін төлемдер орны толтырылмайды және шотқа қосылмайды. 

3. Құқықтылық

Қызметтерді пайдалану құқығына ие болу үшін сіз келесі критерийлерге сай болуыңыз және кепілдік беруіңіз қажет:

  • 18 жасқа толған немесе одан ересек болуыңыз қажет;
  • қазіргі уақытта Қызмет көрсету шектелген, тыйым салынған аумақта тұрмауыңыз қажет;
  • Шарттарымызды қабылдауға толық күш және құқығыңыз болуы қажет;
  • Getcontact интеллектуалды меншік құқықтарын, соның ішінде авторлық немесе сауда маркасының құқықтарын бұзбауыңыз қажет; және
  • Қызметтерді пайдалану үшін қажет барлық жабдық, бағдарламалық жасақтама және Интернетке қолжетімділікті жеке шығыныңыз арқылы қамтамасыз етуге келісуіңіз қажет.

Сізге қызметтеріміз және оның мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңды, рұқсат етілген және қолайлы мақсаттарда пайдалануға рұқсат етілген.

Сізге Қызметтеріміз арқылы кез келген заңсыз материалды сақтау, тарату немесе беруге тыйым салынады, әйтпесе қолданыстағы заң бойынша қылмыстық, азаматтық немесе басқа жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін.

Егер үшінші тарап, Қызметтерімізде сіз жариялаған немесе Қызметтерімізді пайдалану арқылы қандай да бір жолмен сіз жіберген материалды (оның ішінде жеке пайдаланушының профилінде қалдырылған пікірлерді қоса алғанда) заңсыз деп хабарласа, мұндай материал заңды екенін дәлелдеу ауыртпалығын өзіңіз көтеруге келісесіз. Бұл Қызметте немесе ол арқылы жарияланатын немесе жеке түрде жіберілетін барлық материалдар үшін жауапкершілік Getcontact компаниясына емес, жіберушіге ғана жүктелетінін мойындайсыз және келісесіз. Бұл Қызметте немесе ол арқылы жүктелетін, көпшілікке жарияланатын немесе басқаша түрде жіберілетін барлық материал үшін өзіңіз жауап бересіз.

4. Құпиялылық

Біздің Құпиялылық саясатымен танысқаныңызды растайсыз. Біздің соңғы жаңартылған Құпиялылық туралы мәлімдемемізді мына жерден таба аласыз.

5. Getcontact жүріс-тұрыс кодексі

Кез-келген алаяқтық, тіл тигізу немесе басқа заңсыз іс-әрекеттер немесе Жүріс-тұрыс кодексімізді бұзу, Getcontact қалауы бойынша тоқтатуға негіз болып табылады және сіз туралы тиісті органдарға хабарлауымыз мүмкін. Біз келесі әрекеттердің ешқайсысына жол бермейміз:

  • келіссіз, қате немесе  жарамсыз мазмұнды жүктеу арқылы арам немесе алаяқтық әрекеттер жасау;
  • профиль немесе түсініктеме пішінінде тағайындалған өрістерде қате ақпаратты жариялау;
  • өзіңізден басқа кез келген адамға жеке тұлға ретінде пайдаланушы профилін жасау;
  • жалған тұлға жасау немесе басқаша түрде өзіңіздің немесе басқаның шын тұлғасын бұрмалап көрсету;
  • Басқа адамға / қолданушыға қысым көрсету, қорлау немесе зиян келтіру;
  • сізге тиесілі емес профиль кескінін жүктеу;
  • Getcontact түсінік пішінінде балағат сөздер мен дөрекі сөздерді қолдану, бұған балағат сөздер автоматты сүзгілерін айналып өту, балағат сөздер қамтитын жаргон аббревиатураларын пайдалану кіреді;
  • дискриминациялық, өрескел немесе тіл тигізуші болып саналуы мүмкін кез-келген нәрсені, мысалы, нәсілшіл, сексистік, порнографиялық, қорлаушы, арсыз, балағат, жеккөрушілік немесе қорқыту сияқты мазмұнды орналастыру;
  • түсінік пішіндеріне спам жіберу және асыра толтыруға жол берілмейді. Сонымен қатар, екі рет орналастыру және қайталанатын пікірлер беруден аулақ болыңыз;
  • тізбекті таратпа хаттар, конкурстар, пирамида схемалары, жарнамалар немесе үшінші тарап сілтемелерін орналастыру;
  • есірткі қолдану, қарақшылық, хакерлік немесе лаңкестік актілері сияқты кез-келген заңсыз әрекеттерді қолдайтын немесе оларды құптайтын хабарламалар орналастыру;
  • жала жабу немесе беделін түсіру деп санауға болатын кез-келген нәрсені орналастыру;
  • технологияны ашу, қайта құрастыру, бөлшектеу, дешифрлеу немесе басқаша түрде Қызметтерімізді ұсыну үшін қолданылатын зияткерлік меншіктің бастапқы кодын алуға тырысу;
  • Қызметтер немесе кез-келген негізгі технологияға негізделген туындыларды бейімдеу, өзгерту немесе құру;
  • Қызметтеріміздегі кез-келген авторлық құқық, сауда маркасы немесе басқа жеке меншік құқығы туралы ескертулерді жою;
  • Шарттарда тікелей рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда немесе осындай ақпарат иесі тікелей рұқсат бере алатын жағдайлардан басқа кез келген ақпаратты, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, Қызметтеріміз алған жеке ақпаратты жинау, пайдалану, көшіру, сату, тарату немесе беру;
  • Қызметтерді «шығарып алу», «қарап шығу» немесе «айналып өту» немесе контактілерді қосу немесе жүктеп алу үшін қолмен немесе автоматтандырылған бағдарламалық жасақтама, құрылғылар, сценарийлер, роботтар, басқа құралдарды немесе процестерді пайдалану;
  • Қызметтеріміздің сыртқы көрінісін немесе функциясын «кадрлау», «айналық шағылдыру» немесе басқаша түрде ұқсастыру; және
  • Қызметтеріміздің тұтастығына тікелей немесе жанама түрде кедергі келтіретін, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей серверлеріміз немесе желімізге кіру немесе бұзу әрекеттерін жасау.

6. Өтемақы

(1) Шарттарымызды сақтамауыңыздан, оның ішінде, сіз жіберген немесе енгізген нәрселер кез келген үшінші тұлға құқықтарын немесе қолданыстағы заңдарды бұзатын болса; (2) Қызметтеріміз арқылы жіберілетін кез-келген мазмұн немесе пайдалану үшін; (3) Қызметтер ішінде немесе олар арқылы жасалатын кез келген әрекет үшін; (4) сіз жасаған кез келген бұрмалаушылық үшін барлық үшінші тұлғалардың талаптары, айыптаулары және тергеулеріне байланысты барлық зиян, шығындар мен шығыстар үшін (ақылға қонымды заңды төлемдер мен шығындарды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) бізді жауапкершіліктен босатасыз және қауіп-қатерден сақтайсыз.

Сіз ұсынатын, қосатын, орналастыратын немесе Қызметтерге немесе олар арқылы берілетін мазмұн, мәліметтер немесе ақпаратқа байланысты немесе олардың салдарынан туындайтын жағдайларға, Пайдалану шарттарын бұзуыңыз немесе кез-келген тұлға немесе ұйымның құқықтарын бұзуыңызға байланысты кез келген үшінші тарап жасаған кез-келген талап немесе дау, оның ішінде заңды төлемдер үшін Getcontact және оның еншілес ұйымдары, еншілес тұлғалары, лауазымды тұлғалары, агенттері немесе басқа серіктестері мен қызметкерлерін жауапкершіліктен босатуға және қауіп-қатерден сақтауға келісесіз.

7. Кепілдіктерден бас тарту

ЕГЕР СІЗ ЖӘНЕ GETCONTACT АРАСЫНДАҒЫ ЖАЗБА КЕЛІСІМДЕ ӨЗГЕСІ АТАЛМАСА, ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ «СОЛ КҮЙІНДЕ» ЖӘНЕ КЕЗ-КЕЛГЕН НАҚТЫ  НЕМЕСЕ ҰЙҒАРЫМДЫ КЕПІЛДІКСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТОЛЫҚ РҰҚСАТЫМЕН, GETCONTACT БАРЛЫҚ НАҚТЫ  НЕМЕСЕ ҰЙҒАРЫМДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, НАҚТЫ МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ, ДЕРЕКТЕР ДӘЛДІЛІГІ, АТАУЫ, БАЙСАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ БІРЕУДІҢ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗБАУ КЕПІЛДІГІН МОЙЫНДАМАЙДЫ. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДЫ ШЕКТЕМЕЙ, GETCONTACT КОМПАНИЯСЫ, GETCONTACT МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ НЕМЕСЕ КЕЗ-КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕ БАР НЕМЕСЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ  ҮЗІЛІССІЗ НЕМЕСЕ ҚАТЕСІЗ БОЛУЫНА, АҚАУЛАРДЫҢ ЖОЙЫЛУЫНА НЕМЕСЕ GETCONTACT МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТЕТІН СЕРВЕРЛЕРДЕ ВИРУСТАР НЕМЕСЕ БАСҚА ЗИЯНДЫ КОМПОНЕНТТЕР ЖОҚТЫҒЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. GETCONTACT КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ НӘТИЖЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ, ДӘЛДІГІ, СЕНІМДІЛІГІНЕ НЕМЕСЕ БАСҚА ТҰРҒЫСЫНАН ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ НЕМЕСЕ ЕШҚАНДАЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАМАЙДЫ. АЛАЙДА, GETCONTACT ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖАРИЯ ЕТІЛУДЕН ҚОРҒАУ ҮШІН КҮШ САЛҒАНЫМЕН, БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІН СІЗГЕ НЕМЕСЕ БАСҚАЛАРҒА БЕРЕТІН БАСҚА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА GETCONTACT КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗДІҢ БАЙЛАНЫСПЕН БӨЛІСУ АСПЕКТІСІ РЕТІНДЕ, БАСҚА ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НЕМЕСЕ КАТАЛОГЫМЫЗДЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ КӨРІНЕТІН ЖЕКЕ ПРОФИЛЬ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ ҰСЫНА АЛАМЫЗ. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА ҰЙҒАРЫМДЫ КЕПІЛДІКТЕРДІ АЛЫП ТАСТАУҒА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН АЛЫП ТАСТАУ СІЗГЕ ҚАТЫСТЫ БОЛМАУЫ МҮМКІН. ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ ШЕКТЕМЕЙ, ҚЫЗМЕТ РЕТІНДЕ БІЗ БАСҚА ҮШІНШІ ТАРАПТАРҒА СІЛТЕМЕЛЕР ЕНГІЗЕ АЛАТЫНДЫҒЫМЫЗДЫ ЖӘНЕ GETCONTACT ОСЫНДАЙ ҮШІНШІ ТАРАПТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЖҮРІС-ТҰРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАНДАЙ-ДА БІР МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАМАЙТЫНДЫҒЫН МОЙЫНДАЙСЫЗ ЖӘНЕ ОСЫ АРҚЫЛЫ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ БІЗГЕ КЕЗ-КЕЛГЕН ШАҒЫМНАН ҚАЙТАРЫМСЫЗ БАС ТАРТАСЫЗ.

8. Жауапкершілікті шектеу

ОСЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫНДАҒЫ ЕШНӘРСЕ АБАЙСЫЗДЫҒЫМЫЗДАН НЕМЕСЕ БІЗДІҢ  АЛАЯҚТЫҚ НЕМЕСЕ ШАТАСТЫРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕН ТУЫНДАЙТЫН ӨЛІМ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ЖАРАҚАТ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ НЕМЕСЕ АҒЫЛШЫН ЗАҢНАМАСЫМЕН АЛЫНЫП ТАСТАЛМАЙТЫН НЕМЕСЕ ШЕКТЕЛМЕЙТІН БАСҚА ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ НЕМЕСЕ ШЕКТЕМЕЙДІ. 

ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН МӨЛШЕРДЕ, ҚЫЗМЕТТЕРІМІЗ НЕМЕСЕ ОНДАҒЫ КЕЗ-КЕЛГЕН МАЗМҰНҒА ҚАТЫСТЫ БАРЛЫҚ АШЫҚ НЕМЕСЕ ҰЙҒАРЫМДЫ ЕРЕЖЕЛЕР, КЕПІЛДІКТЕР, ҰСЫНЫСТАР НЕМЕСЕ БАҚСА ШАРТТАРДЫ ЖОЯМЫЗ.

БІЗ КЕЗ-КЕЛГЕН ПАЙДАЛАНУШЫ АЛДЫНДА КЕЛІСІМШАРТ, ҚҰҚЫҚТАРДЫ БҰЗУ (СОНЫҢ ІШІНДЕ АБАЙСЫЗДА), ЗАҢМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН МІНДЕТТЕРДІ БҰЗІ НЕМЕСЕ БАСҚА ЖАҒДАЙЛАРДА, КЕЗ-КЕЛГЕН ЖОҒАЛТУ НЕМЕСЕ БҮЛІНУ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙМІЗ, ТІПТІ ЕГЕР АЛДЫН-АЛА БОЛЖАНҒАН БОЛСА ДА, ОНЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ НЕМЕСЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН НЕМЕСЕ GETCONTACT ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚОЛДАНА АЛМАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ БОЛСА ДА. 

ҚЫЗМЕТТІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ АЗАМАТТЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҢ АШЫЛУЫ ҮШІН ПАЙДАЛАНУШЫ АЛДЫНДА ЕШҚАНДАЙ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙМЫЗ. АРАСЫНДА ӘР ПАЙДАЛАНУШЫ ҚЫЗМЕТТЕ САҚТАЛҒАН ДЕРЕКТЕРІН ТЕКСЕРІП ОТЫРАДЫ, АЛ ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЗАҚ ЖҰМЫСЫ ҮШІН СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ДЕРЕКТЕРДІ ЖОЯДЫ НЕМЕСЕ ЖОЮ ТУРАЛЫ СҰРАУ ЖІБЕРЕДІ ДЕП КҮТЕМІЗ .

9. Getcontact Қызметтерін дұрыс пайдаланбау

Getcontact өзінің тиісті серіктестері мен еңшілес тұлғаларымен бірге Шарттарымызды бұзу туралы күдікті тергеу құқығын өзіне қалдырады және бұзушылыққа күдіктенген пайдаланушыдан және кез келген басқа пайдаланушыдан ақпарат жинауы мүмкін. Кез-келген осындай ақпаратты Құпиялылық саясатына сәйкес жинайтын және қолданатын боламыз. 

Getcontact өз қалауы бойынша Қызметтерді теріс немесе қорлап пайдаланатын кез-келген Пайдаланушының есептік жазбасын шектеуі, тоқтатуы немесе жоюы мүмкін. Теріс пайдалану шектеусіз келесіні қамтуы мүмкін: бірнеше немесе жалған есептік жазбалар құру, сайтты пайдалану немесе зияткерлік меншік құқығын бұзу, Жүріс-тұрыс кодексінің кез-келген аспектісін бұзу немесе Getcontact өз қалауы бойынша орынсыз деп санайтын кез-келген мінез-құлық.

БІЗДІҢ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫМЫЗДЫ ҚАБЫЛДАУ АРҚЫЛЫ, СІЗ GETCONTACT, ОНЫҢ ТИІСТІ СЕРІКТЕСТЕРІ МЕН ЕҢШІЛЕС ТҰЛҒАЛАРЫН, GETCONTACT ЖҮРГІЗГЕН КЕЗ-КЕЛГЕН ІС-ШАРАЛАР НӘТИЖЕСІНДЕ НЕМЕСЕ GETCONTACT, НЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТЕРГЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗ-КЕЛГЕН ТУЫНДАҒАН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ШАҒЫМДАНУДАН БАС ТАРТАСЫЗ.

Жалпы шарттар

1. Пайдалану шарттары

  1. Қызметтерімізді пайдаланар алдында мына Жалпы шарттарды мұқият оқып шығыңыз.
  2. Қызметтерімізді пайдалану арқылы сіз Шарттарымызды қабылдағаныңызды және оларды орындауға келісетініңізді растайсыз.
  3. Қызметтерімізді пайдалану арқылы Getcontact жүріс-тұрыс кодексін қабылдайтындығыңызды растайсыз, атап айтқанда құпиялылық туралы ақпаратты үшінші тараптарға жарияламауға келісесіз.
  4. Егер осы Пайдалану шарттарымен келіспесеңіз, Getcontact мобильді қосымшасында өз профиліңізді құрмаңыз немесе тіркемеңіз.

2. Басқа қолданылатын шарттар 

  1. Getcontact Қызметтерін пайдалануыңыз осы шарттарға толығымен сәйкес келеді және Қызметтерімізді пайдалану арқылы сіз олармен келісесіз.
  2. Қызметтерімізге толықтай қол жеткізу үшін кем дегенде шын аты-жөніңізді, электрондық поштаңыздың мекенжайын және мобильді телефон нөміріңізді беріп, тіркелуіңіз қажет. Тіркелу кезінде қсынылған немесе кейінірек өзгертілген мәліметтер дұрыс және толық болуы тиіс.
  3. Жеке ақпаратыңызды пайдалану мына жерде орналасқан Құпиялылық саясатымен реттеледі.

3. Бөлінушілік

  1. Осы Шарттардың әр ережесі басқалардан ерекшеленеді және ажыратылады. Егер кез-келген уақытта осы ережелердің біреуі немесе бірнешеуі жарамсыз, заңсыз немесе орындалмайтын болып қалса (толығымен немесе ішінара), қалған ережелердің (немесе басқа дәрежедегі сол ереже) заңдылығына және орындалуына әсер етпейді немесе кез келген жолмен құнсыздандырмайды.
  2. Осы шарттардың жарамдылығы, заңдылығы және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, осы Пайдалану шарттарына өзгертулер енгізуге келісуіміз мүмкін.

4. Біз туралы ақпарат

  1. Біз Англия мен Уэльсте, OC420032 компания нөмірімен тіркелгенбіз және Лондон, SW1Y 6AW, Джермин Стрит 86 мекенжайында тіркелген кеңсеміз бар.

5. Осы шарттарға өзгертулер енгізу

  1. Біз осы Шартты кез-келген уақытта осы парақшаға өзгертулер енгізу арқылы қайта қарай аламыз.
  2. Біз енгізген кез-келген өзгерістер туралы хабардар болу үшін осы парақшаны ара-тұра тексеріп отырыңыз, себебі олар сіз үшін міндетті.

6. Қызметтеріміздің дәлдігі

  1. Қызметтеріміз немесе ондағы кез-келген мазмұнда қателіктер мен кемшіліктер жоқтығына кепілдік бере алмаймыз.

7. Қызметтерімізге қолжетімділік

  1. Стандартты функционалдығы бар мобильді қосымшамыз, Премиум қызметтерін қоспағанда, қазіргі уақытта тегін түрде қолжетімді.
  2. Қызметтерімізге мобильді қосымшалар арқылы қол жеткізу, жағдайға қарай, мобильді байланыс операторыңызда жазылған деректер пакетіндегі кейбір деректер көлеімн пайдалануы мүмкін. Елден тыс кез-келген қолдану, едәуір жоғары шығындарға әкелуі мүмкін, ол туралы өзіңіз хабардар болуға және мобильді байланыс операторыңыз алатын роуминг және басқа да қолданыстағы төлемдер ақысына өзіңіз жауап бересіз.
  3. Қызметтеріміз әрқашан қолжетімді немесе үзіліссіз болады деп кепілдік бере алмаймыз.
  4. Қызметтерімізге қол жеткізуге қажетті барлық шараларды орындауға өзіңіз жауаптысыз.
  5. Қызметтеріміз басқа жерлерде қолжетімді болады деп мәлімдемейміз. Біз кез-келген уақытта, кез-келген пайдаланушы немесе географиялық аймаққа Қызметтеріміздің қолжетімділігін немесе белгілі бір функционалдығын шектей аламыз. Егер Қызметтерімізге тыйым салынған юрисдикциядан қол жеткізгіңіз келсе, бұл сіздің жаупкершілігіңіз.

8. Зияткерлік меншік құқығы

  1. Осы Шарттардың мақсаттары үшін «Зияткерлік меншік құқығы» дегеніміз, барлық патенттер, өнер табу құқығы, пайдалы үлгі патенті, авторлық және салалас құқықтар, тауар белгілері, қызмет белгілері, сауда, кәсіп және домен атаулары, сауда пішіні немесе түрі құқықтары, абырой құқықтары немесе заңсыз пайдалануға қарсы тұру құқықтары, арамзалы бәсекелестік құқықтары, дизайн құқықтары, компьютерлік бағдарламалық жасақтама құқықтары, мәліметтер базасы құқықтары, жартылай өткізгіш топография құқықтары, моральдық құқықтар, құпия ақпарат құқықтары (ноу-хау және коммерциялық құпияларды қоса алғанда) және басқа зияткерлік меншік құқықтары, әрбір жағдайда, тіркелген немесе тіркелмегеніне қарамастан, сондай-ақ барлық ұқсас немесе баламалы құқықтар немесе қорғау турлерін, барлық жаңарту немесе ұзарту өтініштерін қоса алғандағы, әлемнің кез-келген бөлігіндегі құқықтар болып табылады.
  2. Қызметтеріміз авторлық құқық туралы заңдар және халықаралық авторлық құқық шарттары, сондай-ақ зияткерлік меншік туралы басқа заңдармен қорғалған.
  3. Біздің сауда белгілеріміз бізге тиесілі емес кез-келген өнім немесе қызметке қатысты, тұтынушылар арасында түсініксіздікті тудыратын немесе Getcontact компаниясына зиянды әсер ететін кез-келген тәсілмен қолданыла алмайды. Қызметтерімізде пайда болуы мүмкін Getcontact компаниясына тиесілі емес барлық басқа сауда белгілері, олардың тиесілі иелеріне қатысты, олар бізбен еңшілес, байланысқан немесе қаржыландырылған болуы мүмкін.

9. Вирустар

  1. Сайтымыздың қауіпсіздігі немесе қателіктер мен вирустардан таза болатынына кепілдік бермейміз.
  2. Қызметтерімізге қол жеткізу үшін мобильді құрылғыңызды конфигурациялауға жауаптысыз. Мобильді құрылғыңыздың тиісті түрде жаңартылған вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамамен қорғалғанын қамтамасыз етуіңіз қажет.

10. Үшінші тарап сілтемелері

  1. Егер Қызметтерімізде үшінші тараптар ұсынған басқа сайттар мен ресурстарға сілтемелер болса, бұл сілтемелер тек сіздің ақпаратыңыз үшін берілген.
  2. Бұл үшінші тарап сайттар мен ресурстардың мазмұнын біз бақыламаймыз.

11. Қолданылатын заңнама

  1. Сіз де, біз де, Англия мен Уэльс соттары айрықша емес  юрисдикцияға ие болатындығымен келісеміз.

12. Шарттарымыздың әр түрлі тілде қолжетімділігі

  1. Біз Қызметтерімізді әлемдік деңгейде ұсынамыз; қосымша Қызмет көрсету шарттары әр түрлі юрисдикциялардағы пайдаланушыларға қолданылуы ықтимал және мүмкін болған жағдайда аймағыңызға сәйкес жергілікті шарттарды ұсынуға барымызды саламыз. Басқа тілдердегі Шарттарымызды сайтымыздан немесе бар болса қосымшадан тексеріңіз. Егер қолжетімді болмаса, ағылшын тіліндегі Шарттарымыз әдепкі нұсқа болып саналады.

13. Бізбен байланысу 

Бізбен байланысу үшін support@getcontact.com электрондық поштасына хат жіберіңіз.